Мамыр айының екінші жартысында біз, Slinex, Securex Kazakhstan 2022 – күзет және қауіпсіздік бойынша 10-шы халықаралық көрмеге қатыстық.
Бұл ауқымды іс-шара аясында біз серіктесіміз «INTANT» компаниясының стендіне келген көптеген қонақтармен тілдесіп, аналогтық домофония саласындағы басты жаңалықтар мен жаңашылдықтарды көрсеттік.
Ерекше назар аудартқан жаңалықтар:
• Sonik 7 Cloud – қоңырауды Slinex Smart Call жаңа мобильді қосымшасына қайта бағыттау функциясы бар алғашқы SONIK.
• Slinex ML-20TLHD – жанаспай қоңырау шалу жүйесі бар алғашқы панель.
• Slinex ML-17HD шақыру панелі – Slinex ML-15HD нағыз бестселлерінің барлық жағынан жетілдірілген мұрагері.
Стендке келушілер флагмандық Slinex SL-10IPTHD бейнедомофонын да назардан тыс қалдырмады – оның көптеген функцияларына енді IP камераларды қолдау қосылды; шыңдалған шыны алдыңғы панелі бар стильді AHD бейнедомофон SQ-07MTHD; заманауи IPS экраны бар бюджеттік, бірақ көпфункциялы SM-07MN.
Securex Kazakhstan 2022 – жағымды қарым-қатынас пен жемісті ынтымақтастыққа сенімге толы күндер.
Келесі іс-шараларда кездескенше!