Жаңа шақыру панелі – Slinex ML-20TLHD-ті назарларыңызға ұсынамыз.
Атаудағы «TL» әріптері «touchless» дегенді білдіреді және ML-20TLHD – Slinex-тің байланыссыз қоңырау шалу жүйесімен жабдықталған алғашқы шақыру панелі екенін көрсетеді.
Бұл неге өзекті?
COVID-19 пандемиясы әлемді түбегейлі өзгертті. Ара қашықтық сақтау, маска тағу және қолды мұқият жуу – жеке қауіпсіздіктің негізі. Инфекциялардың 80%-ы жанасу арқылы тарайтындықтан, қол гигиенасына ерекше көңіл бөлу қажет. Дәл осы жаңа шындық пен оның талаптары Slinex ML-20TLHD жаңа шақыру панелінің пайда болуына түрткі болды.
Енді қоңырау шалу үшін шақыру панелінің түймесіне тікелей қол тигізудің қажеті жоқ. Қоңырау шалу үшін түймеден 10 см-ге дейінгі қашықтықта қолыңызды жақындатсаңыз жеткілікті. Бұл түрлі инфекциялардың жанасу арқылы берілуін болдырмауға көмектеседі.
Панель дизайны
Жаңа Slinex ML-20TLHD ML-20HD шақыру панелінің премиум дизайнын сақтайды, бір айырмашылығы – жаңа All-black түсі. Көзге жағымды акрил жапсырмасы бар қара метал корпус және байланыссыз шақыру түймесінің көк жарықдиодты шамы сізге таныс дизайнға жаңа қырынан қарауға мәжбүр етеді!
Техникалық сипаттамаларға келсек, панель корпусы бұрынғыдай IP65 қорғаныс класына ие, бұл ылғал мен шаңнан толық қорғанысты қамтамасыз етеді.
Камера
Жаңа Slinex ML-20TLHD-де, ML-20HD үлгісіндегідей, бейнедомофонияда бұрын-соңды қолданылған ең үздік камера орнатылған. Домофон экранындағы Full HD сурет сапасын механикалық ИҚ сүзгісі бар 2 мегапиксельді бейнекамера қамтамасыз етеді. Соның арқасында күндіз түстерді беру ақ балансының дұрыс болуына байланысты мүмкіндігінше дәл болады. Ал түнде сапалы ИҚ-жарықтандыру есебінен детализация жақсарады. Slinex ML-20TLHD камерасының көру бұрышы 115°, бұл есік алдыңдағы жағдайды бақылауға әбден жеткілікті.
Аналогтық домофондармен үйлесімділік
Slinex ML-20TLHD шақыру панелі камера режимдерін ауыстырғышпен жабдықталған, бұл оны іс жүзінде кез келген аналогтық домофонға қосуға мүмкіндік береді. AHD-H, AHD-M немесе CVBS – панель осы режимдердің кез келгенінде жұмыс істеуге дайын!
Slinex ML-20TLHD шақыру панелінің басқа ерекшеліктері:
• механикалық құлыптарды қолдау, 1 A-ға дейін;
• жапсарлы да, қапталмалы да орнату мүмкіндігі;
• DVR (бейнетіркегіш) қосу үшін панель камерасына жеке қорек беру.
Slinex ML-20TLHD – байланыссыз қоңырау шалу жүйесі бар алғашқы шақыру панелі.